Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, пәтер кілттерін тапсырды.
«Бүгін баршамыз мемлекеттігіміздің берік іргетасы – Конституция күні қарсаңында қуанышты сәттің куәсі болып отырмыз. Осынау оңды істердің барлығы әлеуметтің әлеуетін әлді ететін ауқымды шаралардың жарқын көрінісі. Біздің басты мақсатымыздың бірі – халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету. Осы мақсатта ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында барлығы 50 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі», деді өңір басшысы.