Қазақстан аумағының басым бөлігіне атмосфералық фронттар әсер етеді. Салдарынан найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Орталық пен шығыста қатты жаңбыр жауады. Жел күшейеді. Орталықта, шығыста, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады. Тек еліміздің батысы, солтүстік-батысы және солтүстігінде антициклон әсерінен жауын-шашын жаумайды, күн ашық. Алматы облысында найзағай болып, жел қарқыны - 15-20 м/с.
Жамбыл облысында найзағай, бұршақ болып, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с дейін күшейеді. Түркістан облысының таулы аудандарында күн күркірейді, желдің күші 15-20 м/с болады.
Қостанай облысының солтүстігінде түнде тұман түседі, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды облысының солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде және орталығында - найзағай, бұршақ, дауыл, жел екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады. Шығыс Қазақстан облысында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында найзағай, дауыл болады, облыстың солтүстік-батысында жел 15-20 м/с, солтүстік-батысымен орталығында екпіні 23 м/с болады.
Павлодар облысының батысында тұман түседі.
Ақмола облысының солтүстігінде және солтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман болады.
Күндіз Қызылорда облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігі мен батысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Қызылорда, Қостанай, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының батысында және оңтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.