01 Мамыр, 2010

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚ КЕПІЛІ

3073 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында ынтымақ пен бірліктің елімізді табысқа бастайтыны атап көрсетілген. Елбасы Н.Назарбаев­тың “Біз қазығы берік, мем­­ле­кеттігі бекем, төрт құбыласы сай Қазақ елінің айбынын асырып, атағын әлем­ге әйгіледік... Біз сияқ­­ты халқы­ның саны аз, экономи­касы даму үстіндегі елге технология ауадай қажет. Сонда ғана әлемнің алып мем­ле­кеттері мен төңірегіміз­дегі ел­дер бізбен санасады. Бұл бағдар­ла­ма­ның түпкі мақсаты – еліміздің тәуел­сіздігін баянды ету, қазақтың ұлт болып өркендеуіне жол ашу, оның тілі мен мәдениеті­нің кең құлаш жаюына мүмкіндік туғызу”, деп атап көрсеткені әрқай­­сымыз­дың күнде­лікті жұмы­сы­мыз­дың асыл арқауына айналуы керек деп түсінемін. Тіл – халықтың жан-дүниесі, рухани негізі мен ел еркіндігін, ұлт­тың ұлылығын танытатын бас­ты күш. Ұлт болмысын ұғын­дырып, жалпы жұртты төңірегіне топтас­тырушы, біріктіруші ретінде де саналады. Сондықтан мемле­кеттік тілді білу – өмір талабы, за­ман сұранысы, қоғам қажеттілігі деген жөн. Тілді өмірдің барлық сала­­сын­да қолданып, аясын ке­ңей­ту жолында әрбір қазақстан­дық өзінің азаматтық міндетін ат­қарғанда ғана ол нәтижелі бола­ты­нына күн сайын көз жеткізіліп келеді. Осы орайда Мемлекет басшысы алқалы жиындарда қазақ тілінің мәртебесін көтеру жайына тоқтал­май өткен емес. Кешегі әдебиет пен өнер қайраткерлеріне 2009 жылғы Президенттік және мемлекеттік стипендияларды тапсырған кезде де “Мемлекеттік тілдің артықшылы­ғына ешкім таласа алмайды. Түбін­де барша қазақстандықтар мемле­кет­­тік тілде сөйлейтін болады. Өзге өркениетті елдерде мемлекеттік тіл­дің мәртебесі қандай болса, бізде де сондай болады. Халықтың мәде­ниеті оның тілімен жасалатыны белгілі. Тіл тек қана қатынас құра­лы емес, ұлттың бар сипатын анық­тайты­н оның не­гізгі кілті”, дегені­нің өзі біраз жайды аңғартса керек. Қазақ – дана халық. Оған “Қат­ты айтсаң, қарын­дасыңа жақ­пай­сың, Ақырын айт­саң, ақың кетеді” деген тәмсілмен жауап беруге бола­ды. Тіл мәселесі де осы тәрізді. Біздер үйреншікті сүр­леу­ден шыға алмай, күні бүгінге ерен­сіз­­дігі­мізден сүй­ретіліп жүрген жа­йы­­мыз бар. Шұ­рай­лы тілдің шырайын кетіретін­дер де өзіміз. Алайда, Ел­басы­ның тікелей басшылығымен, қолдауы­мен мемлекет тарапынан қаржы бөлініп, көңіл аударылға­нының нәтижесінде соңғы жыл­дары көпкөрім ілгерілеушілік болды. Мемлекеттік тіл саясатын же­дел­­­дете іске асырудың басты шар­ты – оны балабақшадан бас­тау қажеттігі. Қоғамда қай саланы болсын мем­ле­кеттік тілден хабар­­дар, сала­лық мамандар басқарғаны абзал. Себебі, тіл білгеннің тамы­рын­да ұлттық, халықтық, елдік, мем­лекетшілдіктің қаны мен қасиеті болады. Ұлттық болмысты ұғатын рух, қоғамдық бағы­тты аңғаратын, ерекшелігін түсіне­тін, елжандылық асқақ сезімі басым жандар ғана көсегемізді көтер­теді. “Мемлекеттік тіл – менің тілім” дегенді мемле­кеттік қызмет­керлерге міндеттеген­де ғана оның өміршең­дігіне қол жетеді. Халықтың қаны мен жаны са­налатын қазақ тілінің абыройы мен беделі қазақстандықтардың міндеті, адами борышы болуы тиіс. Демек, басты жауапкершілік билік басын­дағы азаматтарға жүктелуі тиіс. Мемлекеттік тілді қажетсін­бейтін шенеуніктер тәртіпке шақы­рылса да артық емес. Себебі, бас­шы­сы мем­­­ле­кеттік тілге оң қабақ таныт­па­са, іс ілгерілемейтінін күн­делікті өмірде көз жеткізіп келеміз. Талап қойып, мән берген, жүйелі жұмыс атқарған мекемелер мен облы­с­­тарда өзгеге үлгі болатын оң бас­та­ма­лар орнық­қан. Ондай өңірлер мен мекемелер елімізде жоқ емес, бар. Мемлекеттік тіл – мемлекет­тікті айқын­дай­тын фактор­лар­дың бірі, әрі біре­г­ейі. Еркін­дік пен теңдік берілгендіктен, өзге қанша тіл білгің келсе де біле бер, үйрен, оның артық­ты­ғы жоқ. Бірақ, қазақ тіліне де­ген басым­дықты естен шығар­мауы­мыз керек. Өйткені, қазақ тілі басқа елде қолданылып, мем­ле­кеттік тіл мәртебесіне ие бола алмайды. Оның Отаны – Қазақ­стан. Өз елінде осы тілді дамытамыз дейтіндердің сөзі құлағыма түрпідей тиеді. Бұл жөнсіз. Қазақ тілі – ұққан жанға дамыған, кәдеге жара­ған, ұлттың болмысын баяндаған тіл. Онымен қазақ жат елмен  дипло­ма­тия­лық жұмыстар жүргізіп, досын туыс, дұшпанын дос етіп, барлық салада тарих көшінен қалмай келген. Және киелі тілдің оған құдіреті жеткен де. Бірде-бір түркі тілдес халықта он томдық түсіндір­ме сөздік жоқ. Мұндай құнды дүние тек қазақта ғана бар, осы ұлтқа ғана тән рухани байлық. Жаһанданудың бүгінгі кезеңін­де де, бұған дейін де еліміз батыс­қа еліктеп, сол үлгімен күн көруге, жүруге көшкені жасырын емес. Хош делік. Олай болса, тілге де сол елдерше мән бере, баршаға ор­тақ тіл етіп, құрметтеп, неге қолданбасқа. Тәжірибе алмасып, идея, пікір бөлісіп, тіл мәселесін неге ортаға салмаймыз. Қазақ тілінің уызынан ажырап, байлығы­нан көз жазып, ұрпаққа бай тілді неге баяндап бермеске. Мемле­кеттік тіл болғандықтан, қазақ тілін күллі қазақстандықтар ортақ тіл етіп, неге орнықтырмаймыз. Қазақша үйрену керек, оған жағ­дай жасау керек деген әбден жауыр болған, жаттанды сөз тіркестерімен көзбояушылық жа­сап, елді алдаусыратудан арылып, Консти­туция мен “Тілдер тура­лы” Заңдағы көрсетілген мемле­кеттік тілді білу әрбір азаматтың борышы дегенді міндетті түрде орындау қажет деген талап қоятын кез жетті. Тілдің негізгі қызметі –   ха­лық­ты біріктіру. Демек, мемлекет­тік тілдің мемлекеттік басқару орын­­дарында негізгі тіл ретінде қол­данылуын қалыптастыр­ған жөн. Қызметке аларда мемле­кеттік тілде ойлайтын, сөйлейтін, терең сусын­даған, қазақтың болмысын ұғатын қарымды да қабілетті жастарды алып, іс қағаздарын мемлекеттік тілде жазуға баулу шарт. Елбасы­ның даналығы мен көрегендігін аңғарып, “қазақ қазақпен қазақша сөйлессін” дегеніне қолдау көрсет­сек, өзгелер қайда кетеді. Сонда қазақ тілі қол­данысқа еніп, ортақ тіл­ге айна­лары ақиқат. Қазақ тілі – шағыс­тырушы емес, егемендік­тің табыс­тырушы  алып бұтағы, бәй­терегі. Тек оның жапырақ жаюы күтіміне байла­нысты болып тұр. Тіл білігі – мәдениеттілігіміз бен елжандылығымыздың ныша­ны. Әр­бір ісіміз мемлекеттік мүд­дені жас­тарға ұғындыратын ұлттық ерек­шеліктерді ұлықтап, халықтың абы­рой-беделін көтеретін, рухы биік, мәдениеті мәртебелі ұрпаққа беріле­тін ұлттық тәрбиемен бағытталғаны дұрыс. Өзге этнос өкілдерін жүрек қалауы­мен, орыс тілді қазақ жас­тарын міндетті түрде мемле­кеттік тілді оқытып, санасына сіңіріп, меңгеруді жүзеге асыруды талап етсек, нұр үстіне нұр. Сонда ғана тіл өз мәртебесіне лайық қызмет атқарады. Тарихымызды таразы басына салсақ “Біреудің сөзі әдемі, біреудің көзі әдемі” деп інжу-маржан ұлт байлығына мән бермей, өзгенікін алтынға балап, ұрпағымызды жат­бауыр етіп алдық. Енді сол олқы­лық­тың орнын толтыра алмай, опық жеп, шыр-пыр боламыз. Кей жерде істен гөрі құр сөз басым. Осы орайда барлық өңірде мемлекеттік істі мемлекеттік тілде жүргізу қажет. Қағаз жүзінде емес, іс жүзінде. Оған қазақ тілін меңгерген кадр­лар­ды тарту бүгінгі басты міндетіміз  бол­ғаны абзал. Яғни, болашақтың іргетасы бүгіннен қаланатынын  ескерген жөн. Сөз сөзден туады. Егер құнарлы тілдің құнын түсіріп, күнделікті қолданыс аясын кеңейтуге өзіміз үлес қоспасақ, өзгелерден қалай талап етеміз. “Құлағына мақта тыққандарға” бұл аз айтылып жүрмегені аян. Жаңа ғасыр жаңашылдығымызды таразы басына салатынын ұмытпайық, ағайын. Асылы ОСМАН, “Мемлекеттік тілге құрмет” бірлестігінің төрайымы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі. Алматы облысы.