Спортшылар Каирге жетіп, алғашқы жаттығуын өткізіп үлгерді.
«Жігіттер әлем чемпионатындағы барлық спринтерлік түрлерге қатысады. Яғни, командалық спринт, спринт, кейрин, және гит. Жасөспірім қыздар арасында Голубкова ғана жекелеген жарыстарда бақ сынайды. Біздің командамыз жас, бірінші рет әлемдік сынға қатысқалы отыр. Бұған дейін Голубковадан басқа ешкім шетелдік турнирлерге бармаған. Десе де, жеңіске деген жігеріміз мықты. Жоғары орынға таласамыз», дейді спринт бойынша команда бапкері Ива Сиваш.
Әлем чемпионатында бақ сынайтын спортшылар: Кирилл Курдиди, Данил Остренков, Мирас Алпатов, Тимур Шалесный, Юлия Голубкова.
Әлем біріншілігі 1-5 қыркүйек аралығында өтеді.