«Талибан» радикалды қозғалысының өкілі (Қазақстан мен басқа елдердің аумағында тыйым салынған ұйым) Забиулла Мужахид америкалық әскерлерді шығару аяқталғаннан кейін Ауғанстан толық тәуелсіздікке қол жеткізді деп мәлімдеді.
Соңғы америкалық сарбаздар бүгін ауған уақытымен түн ортасында Кабул әуежайынан шықты. Осылайша біздің ел ақырында бостандық алып, толық тәуелсіздікке қол жеткізді, деп жазды Забиулла Мужахид Twitter-де.
Бұған дейін АҚШ Қорғаныс министрлігінің өкілі генерал Маккензи Ауғанстаннан америкалық әскерлерді шығару аяқталғанын және АҚШ-тың елдегі әскери миссиясы аяқталғанын хабарлаған болатын.