Әлем • 01 Қыркүйек, 2021

Ауған босқындарын көрші елдер қабылдауы керек - ЕО

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуроодақ (ЕО) Ауғанстан босқындарын көрші елдер қабылдауы керек деп мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауған босқындарын көрші елдер қабылдауы керек - ЕО

Еуроодақтың ішкі істер министрлері Ауғанстандағы оқиғаларды, халықаралық қорғау, көші-қон және қауіпсіздік салаларын талқылады. Брюссельдегі кездесуде қабылданған мәлімдемеде, Ауғанстанмен көршілес елдер босқындарды қорғауды қамтамасыз ету керек делінген. Қазіргі уақытта ЕО бұл мәселе бойынша нақты міндеттемелер алғысы келмейді.

«Осыған дейін болған жағдайларға сүйене отырып, ЕО және оған мүше мемлекеттер келісілген және реттелген жауап беру шараларын дайындау арқылы заңсыз көші-қон қозғалыстарының қайталануын болдырмау үшін бірлесіп әрекет етуге бел буады. Заңсыз көші-қонды ынталандырудан аулақ болу керек», делінген хабарламада.

Құжатта Ауғанстандағы билікті «Талибан» басып алғаннан кейін осындай оқиғаларды болдырмау үшін  Ауғанстанмен көршілес орналасқан елдерде оған мұқтаж адамдарды тиісті қорғауды қамтамасыз ету қажет екені және бұл елдерді қолдау күшейтілуі керек екені айтылған.

Сондай-ақ, Еуроодақ Ауғанстанмен көрші елдерге босқындарды қабылдау үшін қолма-қол ақша беруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, мәлімдемеде Еуропаға қауіпті және заңсыз сапарға шығуға шақыратындарды тоқтату керек делінген.

Мәлімдемеге сәйкес, қорғауды қажет ететін ауған азаматтарын көшіру ЕО мемлекеттері орын ұсынған жағдайда ғана жүзеге асырылуы керек.

Бұған дейін Еуропалық парламент төрағасы Еуропалық Одақ елдерін Ауғанстаннан мигранттарды көшіруді ұйымдастыру үшін шаралар қабылдауға шақырды. ЕО дипломатиясының басшысы Жозеп Боррел ЕО көші-қон апаты мен гуманитарлық дағдарыстың алдын алу үшін «Талибан» қозғалысымен мүмкіндігінше тезірек байланыс орнатуы керек деді.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025