«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауы аясында жоғары сапалы экономикалық өсуді қамтамасыз ету мен халықтың тұрмысын жақсарту бойынша нақты міндеттер қойды», деді Әсет Ерғалиев Үкімет отырысы барысында.
Министр Жолдау аясында барлығы 70-ке жуық тапсырма берілгенін атап өтті.
«Қабылданатын алты заң бар. Бұл стрессті активтерді экономикалық айналымға қайтару туралы, жеке қосалқы шаруашылықтар туралы, агломерацияларды дамыту туралы, ғылымды дамыту туралы, кәсіби біліктілік туралы заңдар. Салық және бюджет кодекстеріне де өзгерістер енгіземіз», деді ҚР ҰЭМ басшысы.
Бұл ретте мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасы, көші-қон саясаты, сондай-ақ отбасылық және гендерлік саясат туралы үш тұжырымдаманы бекіту жоспарланған.
Әсет Ерғалиевтің айтуынша, әр аймақ үшін инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы әзірленетін болады.