Спорт • 02 Қыркүйек, 2021

Алты спортшымыз Әлем кубогінде бақ сынайды

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Словенияның Копер қаласында көркем гимнастикадан FIG World Challenge Cup 2021 Әлем кубогі басталды. Турнирге қазақстандық спортшылар да қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алты спортшымыз Әлем кубогінде бақ сынайды

Фото: Olympic.kz

Турнирге Қазақстаннан алты гимнастшы аттанды. Ерлер арасында Нариман Құрбанов, Фарух Набиев және Ілияс Азизов сынға түседі. Ал әйелдер арасында Аида Бауыржанова, Дарья Ясинская және Александра Шаметко қатысады.

Айта кетейік, турнир 2-5 қыркүйек аралығында өтеді.

Жарыстың бірінші күні гимнасттар іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді.