01 Мамыр, 2010

ЕРЛІК ШЕЖІРЕСІ

617 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақжайық ауданының әкімдігі Ұлы Жеңістің 65 жылдығына 500 данамен “Майдангерлер” және 300 даналық “Боздақтар” кітабын шығарды. Бұған дейін ақжайықтықтар 2008 жылы аудан энциклопедиясының толықтырылған ІІ басы­лымын, сонымен қатар “Жұбан елі”, “Ақжайық өрендері” атты түрлі-түсті дүниелерді жұртқа ұсынған еді. Міне, жамағатты жадыратқан іс жалғасын тауып отыр. Аудан әкімі Абай Иманғалиевтың бастамасымен шығарылған бұл дүниелерде аудан жеңіс сарбаздарының ғұмырнамалық деректері, сирек фотосуреттері, мемлекеттік және отбасылық мұрағаттардан материалдар молынан қамтылған. Айталық, “Майдангерлер” кітабы 360 беттен тұрады. Мұнда “Аудан 1938-1945 жылдарда”, “Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды”, “Қанатын от шарпыған қарлығаш-хаттар. Мақалалар”, “Облыс бойынша Кеңес Одағының Батырлары”, “Халық қаһарманы” атағының, І, ІІ, ІІІ дәрежелі Даңқ ордендерінің толық иегерлері”, “Естеліктер” атты тараулар бар. Соғыс жылдары әскерге аттанған 11209 жауынгердің 4980-і ұрыс даласынан оралмады. Кітаптарда Отан үшін отқа түскен жеңімпаздардың ерлігі, еңбегі, аманаты көрініс тапқан. Темір ҚҰСАЙЫН, Батыс Қазақстан облысы.