Білім • 02 Қыркүйек, 2021

Алматыда 1«Ю» сыныбы ашылды

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы №157 жалпы білім беретін мектепте биыл 1 «Ю» сыныбы ашылды, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда 1«Ю» сыныбы ашылды

Фото: Александр Куприенко

Sputnik Қазақстан жазуынша, биыл мектепте бірінші сыныпқа 714 оқушы қабылданды. Дәстүрлі форматта оқу кезінде сыныптағы бала саны 25 оқушыдан аспауы қажет екені ескеріліп, мұнда 28 сынып ашылған.

Қазір №157 мектепте 1-11 сыныпқа дейін 4 862 оқушы бар. Мектеп 1 540 білім алушыға арналған.

«Alma City, BI Group және «Шұғыла» жаңа ықшам аудандарының салынуына байланысты мектепте сынып саны артты. Мектеп бойынша 1-ден 11-ге дейін 185 сынып бар. Ата-аналардың өтініші бойынша 1 118 оқушы онлайн оқытуға көшті. Дәстүрлі форматта 177 сынып екі ауысымда білім алады. Бірінші ауысымда 88 сынып, екінші ауысымда 89 сынып бар», деп түсіндірді Алматы білім басқармасы.

Мектепте 95 кабинет бар. Бұл Қазақстанның бас санитар дәрігері белгілеген барлық санитарлық норманы сақтауға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35