Қазақстан • 30 Тамыз, 2021

Төрағалықты түйіндеген форум

511 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында «Интернет дәуірі: құқық үстемдігі, адам құндылықтары, мемлекеттік тәуелсіздік» тақырыбында халықаралық симпозиум өтті. ШараТәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Конституция күніне орай ұйымдастырылды.

Төрағалықты түйіндеген форум

Іс-шараны Қазақстанның Конституциялық кеңесі мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы бірлесіп өткізді. Оның жұмысына мемлекеттік құрылым дардың басшылары, беделді халықаралық ұйымдардың, шетелдердің конституциялық бақылау органдарының өкілдері, сондай-ақ белгілі құқық танушы ғалымдар қатысты. Əлемнің отыз елінің жетекші мамандары өмірдің барлық саласында ақпараттық технологияларды қолдануды кеңейту аясында конституциялық-құқықтық дамудың өзекті мəселелерін талқылады.

Халықаралық симпозиумды Конституциялық кеңестің төрағасы Қайрат Мəми ашты. Ол кез келген мемлекет үшін Тəуелсіздік бүкілхалықтық құндылық екенін атап өтті.

– Республиканың қолданыстағы Конституциясы Тəуелсіздік контурын түпкілікті ресімдеді жəне барлық салалардың жедел дамуы үшін қолайлы жағдай жасады, – деді Қ.Мəми.

Іс-шара барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы жолдаған құттықтауы оқылды. Құттықтау хатта мемлекеттің дамуы Конституция негізінде жалғасып келе жатқаны айтылған. Сонымен қатар қазіргі заманғы мемлекет пен азаматтық қоғам жолындағы барлық ірі жетістіктер халықтың ерік-жігерімен қабылданған Ата Заңға негізделгені келтірілген.

Мемлекет басшысы симпозиум тақырыбының өзектілігін атап өтіп, цифрлы дамудың ауқымы мен жылдамдығы халықаралық қоғамдастықтың алдына адам мен азаматтың іргелі құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету, оның заңды мүдделерін қорғау, цифрлы теңсіздікті жою, қоғам мен мемлекеттің цифрлы тəуелсіздігін сақтау сияқты маңызды міндеттер қойып отырғанына назар аударды.

Форум қатысушыларына Еуропа Кеңесінің Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиясының (Венеция комиссиясы) Президенті Джанни Букиккио, Еуразиялық эконо микалық одақ Сотының төрағасы Эрна Айриян жəне Германия халық аралық құқықтық ынтымақтастық қоры ның бас директоры Фрауке Бахлер құттықтау сөз арнады.

Симпозиум жұмысы цифрландыру жəне ұлттық егемендік, интернет жағдайында адамның құқықтары мен бостандықтарының кепіл діктері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қоғам мен адам алдындағы жауап кершілігін арттыру мəселелеріне арналған үш сессиядан тұрды.

Бірінші сессияда Қазақстанның Стратегиялық жоспарлау жəне реформалар жөніндегі агенттігінің төрағасы, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов баяндама жасап, АХҚОның цифрландыру мен құқықтық жүйе эволюциясындағы рөлі туралы айтып берді.

Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин цифрландыру жəне технологияларды дамыту саласындағы еліміздің жетістіктеріне тоқталды.

Əлемнің əр түкпірінен қатысуға ниет білдірген белгілі заңгерлер таңдалған тақырып бойынша тəжірибе алмасып, орын алған проблемалардың шешу жолдарын талқылады. Атап айтқанда, ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі, Венеция комиссиясы, Конституциялық Сот төрелігі жөніндегі дүниежүзілік Конференция, ЕАЭО Соты, Германияның Халықаралық құқықтық ынтымақтастық қоры, Германия Халық аралық ынтымақтастық жөніндегі қоғамы, Халықаралық заңгерлер одағы секілді халықаралық құрылымдардың заңгерлері ой-пікірлерін ортаға салды.

Форумның жұмысын Консти туциялық кеңестің төрағасы Қайрт Мəми қорытындылады.

Жиынға қатысушылар Конституцияның Тəуелсіздіктің негізі екендігіне жəне мемлекеттіліктің басты элементтерін қамтитындығына бір ауыздан назар аударды.

– Экономиканы, басқаруды жəнеəлеуметтік өмірдің басқа да сегменттерін цифрландыру жағдайында құқық қазіргі заманғы технологиялардың əсер ету объектісіне айналды. Бұл белгілі бір дəрежеде бұрын қалыптасқан ұғымдар мен институттарды қайта қарастыруды қажет етеді. Бұл процесте мемлекеттің Негізгі Заңы цифрлы өркениет аясында ескерілуі тиіс іргелі принциптерді анықтайды, – деді Қ.Мəми.

Жиында айтылғандай, ақпараттық технологиялар бірінші кезекте адамның конституциялық құқықтарын іске асырудың тиімділігін арттыруға қызмет етуі тиіс. Пандемия кезеңі осынау қиын-қыстау кезеңде цифрлы құралдар халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің қажетті деңгейін сақтауға мүмкіндік бергенін көрсетті.

Форум қатысушыларының пікірінше, конституциялық бақылау органдары конституциялық құндылықтарды жүзеге асыруда, дамытуда жəне қорғауда маңызды рөл атқарады. Əлемнің жетекші құқықтанушылары жаһандық сын-қатерлерге жауап іздеу мақсатында ынтымақтастықты одан əрі күшейту қажеттілігін алға тартты.

Осылайша, Қазақстанның Конституциялық кеңесі Азиялық Конституциялық соттар жəне балама институттар қауымдастығына екі жыл табысты төрағалық етті. Енді 2021-2023 жылдарға арналған бұл миссия Моңғолияның Конституциялық Сотына берілді. Ұйымның туын Моңғолияның Төтенше жəне өкілетті елшісі Лувсан Баттулга салтанатты түрде қабылдады.

Моңғолия Конституциялық Сотының Төрағасы Чинбат Намжил Азиялық Қауымдастықтың қарқынды дамып келе жатқанын жəне Азия құрлығында құқық үстемдігін орнықтыруға елеулі үлес қосып отырғанын мəлімдеді. Моңғолиялық тараптың күш-жігері алдағы екі жылда құрылымның əлеуетін одан əрі күшейтуге бағытталмақ.

Форум қатысушылары қазақстандықтарды Тəуелсіздік мерейтойымен құттықтап, Симпозиумды табысты өткізгені жəне Азиялық қауымдастыққа ойдағыдай төрағалық еткені үшін Қазақстанның Конституциялық кеңесіне ризашылықтарын білдірді.