Оқиға • 02 Қыркүйек, 2021

Халықты қанқақсатқан ұрылар ұсталды

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында 11 адамның малын ұрлап, 3 млн-нан астам теңге залал келтірген топ құрықталды, деп хабарлайды Egemen.kz БҚО Полиция департаментінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Халықты қанқақсатқан ұрылар ұсталды

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, қазіргі кезде Теректі ауданының 2004, 2003 және 1999 жылғы үш тұрғынына қатысты ҚР ҚК 188-1 3-бөлігіне (мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұйымдасқан топ биылғы мамыр айынан бері өзара келісіп, мал ұрлығымен айналысып келген. Олар малды негізінен еркін жайылымнан әкетіп отырған.

Толық ақпарат тергеу аяқталғаннан кейін беріледі.