Қоғам • 03 Қыркүйек, 2021

Прокурорлық қадағалау – пәрменді құрал

1016 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Қазақстан Конституциясында айқындалған ең жоғары құндылық – адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы. Негізгі Заңымыз қазақстандықтардың экономикалық және саяси тұрақтылық жағдайында бейбіт  және  лайықты өмір сүруіне үміт берді. Биыл өз Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын атап өтіп отырған еліміз – адамзаттың озық жетістіктері мен ата-бабаларымыздың бірегей шығыс менталитеті сәтті үйлескен егемен мемлекет.

Прокурорлық қадағалау – пәрменді құрал

Қайрат ӘБДІХАНОВ

Елдің қоғамдық және экономика­лық өмірінде болып жатқан өзгерістер азамат­тардың құқықтарын қорғауды ұйым­дастыру тәсілін жетілдіруді, сон­дай-ақ құқықтық жүйені дамытуды талап етті. Бұл ретте маңызды рөл прокуратура органдарына берілді.

Прокуратура органдарын реформа­лау­дың негізгі қағидаттары Конститу­цияда бекітіліп, прокуратура тек ел Пре­­зи­дентіне ғана есеп беретін жоғары қада­ғалау органы ретінде айқындал­ды. Мемлекет басшысының қазақстан­дық­тардың құқықтары мен бостандық­тарының кепілі ретіндегі өкілеттік­терін қаншалықты тиімді жүзеге асыратын­дығы дәл осы органның жұмысына байланысты.

Прокуратураның өңірлердегі адам құқықтарын қорғау жөніндегі функция­ларын оның құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады. Солардың бірі – Пав­лодар облысының прокуратурасы қа­лып­­тасу мен дамудың ұзақ жолынан өткен. 

Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары бүкіл ел тарихындағы бетбұрысты кезең болды. Сол кездегі шиеленіскен қоғамдық-саяси жағдайға тұрғын үй-коммуналдық реформаның жүргізілуі мен ауыл шаруашылығы активтерін жекеменшікке беру себеп болды. Осын­дай түбегейлі өзгерістердің теріс әлеу­меттік-экономикалық салдары өңіріміз­де қылмыстың күрт өсуіне себеп болды.

Алайда қажырлы еңбектің арқа­сында жергілікті прокуратура органдары тәртіп орнатуды қамтамасыз ете білді. Мәселен, биыл өткен жылмен салыс­тырғанда  қылмыстың ауыр түрлері 77 пайызға, көшедегі қылмыс пен бопсалау 53 пайызға азайып,  қылмысты ашу көрсеткіші 4 пайызға жақсарып отыр.

Павлодар облысы бойынша прокуратура органдарының «Әкімшілік іс жүр­гізудің бірыңғай тізілімі» (ӘІЖБТ) қа­натқақты жобасын іске асыру жөніндегі жұмыс тәжірибесі жинақталып, республика бойынша таратылды.

Жобаның мақсаты – әкімшілік айып­пұлды төлегенге дейін оны авто­мат­тандыру, сондай-ақ әкімшілік құ­қық бұзушылық туралы мәліметтердің бұрмалануын болдырмау.

Әкімшілік іс жүргізуді жаңғыр­ту шеңберінде жыл басынан бері по­ли­ция қызметкерлері жалпы сомасы

2 270 276 869 теңге айыппұл түрін­­де жазалау шарасы көрсетілген 92 752 электрон­ды хат­тама толтырды, оның ішінде 1 057 976 142 теңге төленді.

Үйлестіруші орган ретінде прокуратура жүргізілген жұмыстың оңтай­ландырылуына және тиімділігіне байланысты көптеген өзгерістердің бастамашысы болды.

Прокурорлардың белсенді ұстанымы­ның арқасында жыл сайын заңсыз жолмен алынған қомақты қаржы мемлекетке қайтарылып, азаматтардың бұзылған әлеуметтік-экономикалық, еңбек, сон­дай-ақ конституциялық құқықтары қал­пына келтіріледі.

Атап айтқанда, 2020 жылдан бас­тап облыс прокуратурасы мемлекет мүд­делерін қорғау және азаматтардың конс­титуциялық құқықтарын қалпына келтіру бойынша біршама жұмыстарды атқарды. Соның ішінде Екібастұз қаласы мектептерінің 308 мұғаліміне 27 млн теңге сомасында мерзімі өткен берешек төленді. Білім беру мекемелерінің 322 қызметкеріне жалпы сомасы 8 млн теңгеге тиісті зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша шаралар қабылданып, 13 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарла­ма­сын іске асыру кезінде заңдылық­тың сақталуына талдау жүргізу кезінде 223 кәсіп­керге 108 млн теңгеден астам сома­да мемлекеттік гранттар төлеу ұсынылды.

«Арнаулы әлеуметтік қызмет­тер көрсетудің облыстық психоневра­ло­гия­лық балалар орталығы» КММ-де балаларға қатыгездік көрсету фактілері анықталды. Сөйтіп, осы мекеменің 17 қызметкері сотталды және жұмыстан шығарылды.

Сондай-ақ Павлодар қаласының көше­лерін жарықтандыруға бөлінген 400 млн теңгеден астам қаражатты талан-таражға салу жолы кесіліп, мерді­гер ұйымдар – жеке серіктестердің екі директорына қатысты айыптау үкімі шығарылды.

Ауыл шаруашылығы басқармасында шаруашылық жүргізуші субъектілер тарапынан 200 млн теңгеден астам бюд­жеттік субсидияларды жымқыру факті­лері анықталды. Нәтижесінде кінәлі тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, мемлекет кірісіне 150 млн теңге сомасында залал өтелді.

Әр кезеңнің өз талаптары мен қиын­дықтары бар. Прокуратура органдары да бір орында тұрмайды. Жұмыс процесіне қазіргі заманғы технологиялар мен  жаңа тәсілдерді қолдана отырып, прокуратураның жоспарлы дамуы мен трансформациясы жүріп жатыр.

Мысалы, полиция, прокуратура және сот арасында өкілеттіктерді бөле отырып, қылмыстық процестің үш буынды моделінің қанатқақты жобасы сынақтан өткізілуде.

Бұл жүйе экономикалық дамыған елдерде сәтті қолданылады және келесідей кезекті қамтиды: полиция дәлелдемелер мен қылмыстарды анықтайды, прокуратура жиналған дәлелдемелерге тәуелсіз баға береді және азаматтардың құқықтары бұзылмайтынына көз жет­кізеді, ал сот адам құқықтарының сақ­талуын бақылайды, істі қарайды және шешім шығарады.

Осы жоба бойынша әрбір шешім прокурормен келісілгенін және іс бо­йын­ша барлық негізгі шешім мемлекеттік қызметтерді цифрландыру шеңберінде электронды келісуден өткенін атап өту қажет.

Модель енгізілген сәттен бастап, Пав­лодар облысында сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасы жақсарды, қылмыс­тық істердің тоқтатылуы 36,6 пайызға, үзілуі 10 пайызға төмендеді, ал дұрыс сара­ламауды анықтау 6 есе артты.

Павлодар облысында биылғы жыл­дың 1 сәуірінен бастап кісі өлтіру істері бойынша прокурордың шешім қа­бы­лдау механизмін тексеру үшін қанат­қақты жоба іске қосылды. Жоба басталғалы бері облыстық прокуратура қызметкерлері қасақана кісі өлтіру бо­йынша 20 қылмыстық істі өз өндірісіне қабылдады, оның ішінде 15 іс 2 ай ішін­де аяқталып, олардың 5-і бойынша сот шешімі шығарылды.

Облыстық Полиция департаментімен және Сот сараптамалары институтымен өзара ынтымақтастық туралы үшжақты мемо­рандумға қол қойылды. Өзара көмек туралы келісім сотқа дейінгі тер­геу ке­­зінде туындайтын барлық техни­ка­­лық мә­селені жедел шешуге мүмкіндік берді.

Аталған жаңа енгізілімдер қылмыс­тық процестің ашықтығын, қабыл­дана­тын шешімдердің заңдылығын және қыл­мыстың жай-күйі мен оның ашылуы туралы статистикалық есептің анықтығын қамтамасыз ете отырып, прокуратура органдарына сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында (қылмыстық істерді үзу, тоқтату, іс-әрекеттің саралануы мен қайта саралануы және т.б. кезінде) жол берілген заңдылықтың бұзылуына уақ­тылы ден қоюға мүмкіндік берді.

Прокуратура уақытпен қатар алға қадам басуда. Көптеген процестерді цифр­ландыру, адвокаттардың электрондық іс материалдарына қолжетімділігі, сотқа дейінгі тиімді онлайн тергеу – мұның бәрі азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімінің артуына жән­е мемлекеттік қызметші беделінің артуы­­на әкеледі.  Бұл өз кезегінде еліміз заң­­ды­лық пен сот төрелігін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге күш салып отырған мемлекеттердің бірі екендігін көрсетеді.