Қала әкімі тау туризмінің қауіпсіздігі мен жайлылығын тексеру барысында модульдік құрылым сияқты үйшіктердің құрылысымен танысты.
«Қызғылт сары түсті модульдердің іші жылыту пеші, апаттық жағдайда қажет жинақпен жабдықталған. Ішінде алғашқы көмек көрсету жинағы, маршрут картасы, мобильді құрылғыны қуаттау стансасы, жылы көрпе мен азық-түлік жиынтығы бар. Шатырда SOS спутниктік сигналын құтқарушылар пультіне жіберетін дабыл түймелері бар радиорелелік діңгектер орнатылған», деп жазды әкім.
Қала басшысының мәліметіне сүйенсек, таудағы қауіпсіздік шаралары шеңберінде Үлкен Алматы мен Тұйықсу шатқалдарында бақылау-құтқару пункті ашылады. Онда тікұшақ алаңын ашу жоспарланған.
Шымбұлақта» қысқы маусымға дайындық жүріп жатыр. Шаңғы трассалары мен қонақ үй жаңартылады. Сондай-ақ визит-орталық ашылады.
«Сонымен қатар Medeu Park Hotel-ді құру, жаңартылған Qazaq Auyl экокешені мен альпинистердің сүйікті мекені – Тұйықсу шатқалындағы глэмпингті құру жобаларымен таныстым. «Медеудің» төменгі бөлігінде арқаны бар саябақ пен денсаулық жолы салынып жатыр», деді Сағынтаев.