Фото: AFP
Талибан қозғалысы кейбір территорияны басып алып, Ұлттық қарсылық күштеріне «ауыр» шығын келтіргенін айтты. Алайда қарсылық күштерінің мәліметінше, тәліптер жүздеген содырынан айырылған. Сонымен қатар, онда алқаптың барлық кіреберісі бақылауда екені айтылған.
Панджшер - исламшыл топтың қолына түспеген жалғыз провинция. Онда мыңдаған адам шоғырланған деген дерек бар.
Құрамында бұрынғы вице-президент Амрулла Салех, Ауғанстанның бұрынғы қауіпсіздік күштері мен жергілікті жасақтар бар қарсылықты жергілікті тайпалардың басшысы Ахмад Масуд басқарады.