Коронавирус • 03 Қыркүйек, 2021

Нұр-Сұлтанда ковидтік стационарлар жабылуда

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус жұқтыру жағдайларының төмендеуіне байланысты қалада ковидтік стационарлар кезең-кезеңімен жабылатын болады. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы онлайн-брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда ковидтік стационарлар жабылуда

«КВИ жағдайларының төмендеуіне байланысты қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ауруханаларды жабу туралы шешім қабылдады. Соңғы 2 күнде біз 370 төсектік 3 ковидті стационарды жаптық, бұл қалалық психикалық денсаулық орталығы, ҰҚК госпиталі және басқа да екі аурухана», деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова.

Оның айтуынша, келесі аптада эпидемиологиялық жағдайға байланысты ковидтік стационар ретінде тартылған қаланың тағы екі ауруханасында инфекциялық төсектер жабылады.

«Бұл 366 төсектік №3 көпбейінді қалалық аурухананың клиникалық және акушерлік блогы және академик Н.Д. Батпенов атындағы 112 төсектік Травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығы», деп қосты спикер.

Сонымен қатар, ол азаматтарды қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарамастан, карантин шараларын сақтауға шақырды.

«Мен азаматтардың назарын қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарамастан, вирус еш жерде жойылмағанына және әлі бас тартқысы келмейтініне аударғым келеді. Жоғарыда атап өткеніміздей, осымен екінші жыл қатарынан сырқаттанушылықтың жоғары деңгейі жазғы кезеңге, кейде демалыстарға, жазғы демалыстарға байланысты келеді. Ең бастысы - барлық санитарлық нормаларды сақтау және вакцинация. Вакцинацияның көмегімен біз аурудың деңгейін төмендетіп, инфекцияның таралуын тоқтата аламыз», деді Әлия Рүстемова.

Соңғы жаңалықтар