Қазақстан • 03 Қыркүйек, 2021

Қарулы Күштерде қауырт тексеру басталды

817 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірқатар өңірлік қолбасшылықтардың әскери бөлімдері, десанттық-шабуылдау әскерлері, Әскери-теңіз күштері, Әскери-әуе күштері жауынгерлік әзірлікті тексеру мақсатында дабыл қақты. Әскерлерді елдің өзге аймақтарына жіберуге бұйрық берілді, деп жазады Egemen.kz.

Қарулы Күштерде қауырт тексеру басталды

Әскери қызметшілер әскери техникамен бірге теміржол эшелондарымен, әскери-көлік авиациясымен алыс жерлерге жіберіледі. Бұдан басқа, оқу-жаттығу мақсатында жеке құрамды тасымалдауға азаматтық авиакомпаниядан ұшақ тарту жоспарланған.

Жергілікті әскери басқару органдарына кейбір запастағы әскери міндеттілерді шақыру туралы нұсқау берілді. Бірнеше азаматқа әскерге шақыру қағазы табысталды. Осылайша әскери-оқытылған резервті жұмылдыру мүмкіндігі тексеріледі.

«Белгіленген ауданға келген әскерлер жауынгерлік оқу-жаттығу тапсырмаларын орындайды», деп жазады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарлауынша, аталған шаралар ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында, сондай-ақ 2020 жылғы қарашада Қорғаныс министрлігінің алқасында белгіленген тапсырмаларын іске асыру аясында іске асып отыр.