Кореялық ауруларды бақылау және алдын алу агенттігінің мәліметтері бойынша, үш науқас та инфекцияны шетелде жұқтырған. Олар Мексика, АҚШ және Колумбиядан мамыр, маусым және шілде айларында келген иммигранттар болып шықты.
«Ел ішінде ауру жағдайлары жоқ», деп атап өтті Оңтүстік Кореяның денсаулық сақтау органы.
Ел билігі жаңа штамның таралуын және өлім-жітімді мұқият қадағалайтындарын айтты.
Mu коронавирусының жаңа штамы B.1.621 ғылыми атауымен белгілі. Жаңа штамм алғаш рет 2021 жылдың қаңтарында Колумбияда ашылды. Бүгінгі таңда аймақтағы барлық жаңа жағдайлардың 39 пайызы осы мутациямен байланысты.
ДДСҰ бұл штамда Сovid-19 вакциналарына төзімділік қаупін көрсететін мутациялар бар деп мәлімдеді.
Айта кету керек, Mu штамы анықталғаннан бері, оны жұқтыру деректері Оңтүстік Америка мен Еуропада тіркелген.