Амрула Салех өзінің хабарламасында тәлібтердің гуманитарлық көмекке тосқауыл болу әрекеттері халықаралық құқық бойынша әскери қылмыс болып саналатынын атап өтті.
«Олар дәрігерлерді, дәрі-дәрмектерді және тамақ өнімдерін жіберуге тыйым салды, мыңдаған отбасы мұнда олардың қысымынан пана тапты», деп жазды ол.
Салехтің айтуынша, провинцияда ұялы байланыс пен электр қуаты да өшірілген. Ол Ауғанстан билігі «Талибанға» ауруханаларға кіруге ешқашан кедергі жасамағанын еске салды.
Салех БҰҰ мен әлем елдерін «Талибанның» әрекетін айыптауға шақырды.
Панджшер Талибанның бақылауындағы жалғыз провинция болып қала берді, ол Кабулдың солтүстік-шығысындағы таулы жерде орналасқан. Бейсенбіде Al-Jazeera басылымы Талибан оппозиция жетекшісі Ахмад Масудпен келіссөздер сәтсіз аяқталғаннан кейін Панджшер провинциясындағы Ауғанстанның қарсыласу майданының күштеріне қарсы әскери операцияны бастауға шешім қабылдағанын хабарлады.