Парламент • 06 Қыркүйек, 2021

Н.Нығматулин парламент спикерлерінің Дүниежүзілік конференциясына қатысады

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған парламенттік делегация 6-8 қыркүйек аралығында Венада өтетін парламент спикерлерінің бесінші Дүниежүзілік конференциясына қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Н.Нығматулин парламент спикерлерінің Дүниежүзілік конференциясына қатысады

Парламентаралық Одақ, Австрия Парламенті БҰҰ-мен өзара іс-қимыл кезінде ұйымдастырған форумда парламентшілер пандемиядан кейінгі даму, оның ішінде климаттың өзгеруімен күресу және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін экономиканы реформалау туралы пікір алмасады.

Парламентшілер көпжақты қатынастарды нығайту, бейбітшілік пен тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін диалог, өзара түсіністік және ынтымақтастық қағидаттары негізінде негізгі парламенттік әрекеттерді анықтайды.

Нұрлан Нығматулиннің еуропалық және азиялық парламенттер, халықаралық парламенттік ұйымдар басшыларымен, сондай-ақ ұлттық делегациялар өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулері көзделген. Парламент спикерлерінің дүниежүзілік конференциясы қауіпсіздік, экономикалық және әлеуметтік даму, халықаралық құқық және адам құқықтары, демократия және гендерлік теңдік мәселелерін талқылау үшін ұсына отырып, әрбір бес жыл сайын өткізіледі.