Жалпы бұл жарыста 26 салмақта (13-і ұлдар, 13-і қыздар арасында) жүлде жиынтығы сарапқа салынып, қазақстандық боксшылар соның 21-інде медаль олжалады (4 алтын, 2 күміс пен 15 қола).
Қазақстан бокс бәсекесінде 15 алтыны бар Ресей мен 7 алтыны бар Өзбекстаннан кейінгі үшінші орынға жайғасты.
Айта кетейік, сайысқа 2005-2006 жылы туған 15-16 жастағы жас былғары қолғап шеберлері қатысты.