«7 күнге созылған «Құқықтық тәртіп» алдын алу іс-шарасы аяқталды. Ол қоғамдық орындар мен көшелердегі құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Шара аясында полиция қызметкерлері ізін суытпай 2 330 қылмыс пен осыған дейін жасалған 584 қылмысты анықтады. Іздеуде болған 150 қылмыскер ұсталды», деді ол.
Сонымен бірге шара аясында тыйым салынған заттарды заңсыз айналдыру бойынша жеке жедел іздестіру әрекеті жүзеге асырылды.
«Оған есірткі заттары мен заңсыз қаруларды сақтау жатады. Оның қорытындысы бойынша газ, өткір, травматикалық 109 қару табылды. 210 дерек есірткі сақтау бойынша тіркелді. 89 мың әкімшілік-құқықбұзушылық анықталып, 9 мың дерек тәртіпсіздік бойынша, 13,5 мың дерек мас күйінде қоғамдық орындарға шығу бойынша анықталды», деді ол.