Руханият • 06 Қыркүйек, 2021

Қазақстандық 40 шәкірт Түркияда діни білім алады

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия дін істері басқармасы арасындағы екі жақты келісім негізінде Хасеки академиясының 2021-2022 оқу жылына қабылданған шәкірттер Түркияға Шымкенттен аттанды, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстандық 40 шәкірт Түркияда діни білім алады

Биылғы ҚМДБ-ға қарасты діни оқу орындарын бітірген, білімді, даярлық курстан және қабылдау емтиханынан «өте жақсы» баллға ие болған 40 шәкіртке Хасеки академиясының жолдамасы берілген болатын.

Хасеки академиясындағы оқу мерзімі – 3 жыл.

Шара барысында ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков шәкірттерге бірқатар ақыл-кеңестер беріп, оқу ордасындағы талап, ережелерді айтып өтті. Сондай-ақ аталмыш оқу орнында білім деңгейімен қатар студенттерге барлық жағдайдың жасалғанын тілге тиек етті.