Әлем • 06 Қыркүйек, 2021

Тәліптер бірнеше ұшақты елден шығармай отыр

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәліптер әуежайда бірнеше ұшақты ұстап, рейстердің ұшуына жол бермей отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тәліптер бірнеше ұшақты елден шығармай отыр

Бұл туралы Reuters агенттігі мәлімдеді.

Өкілдер палатасындағы Сыртқы істер комитетінің басты республикалық өкілі Майкл МакКол Fox News Sunday бағдарламасында сөйлеген сөзінде, АҚШ әскери күштері кеткеннен бері Ауғанстаннан шығуға тырысқан кейбір америкалықтар әуежайда ұшақтарда, бірақ «Талибан» өкілдері лайнерлердің ұшу-қону жолағынан кетуіне жол бермей отыр деді.

МакКол Мазари-Шариф әуежайында АҚШ азаматтары мен олардың ауған аудармашылары бар 6 ұшақ тұрғанын айтты. Талибан бірқатар талаптарды алға тартып, «оларды кепілде ұстап отыр» деп болжайды. Бірақ бірнеше дереккөздер және Reuters агенттігіне атын жасыруды сұраған азамат бұның жалған екенін айтқан.

Эвакуациялық ұшуларды ұйымдастырушылардың бірі АҚШ Мемлекеттік департаменті тәліптерге елдің солтүстігіндегі Мазари-Шариф қаласындағы халықаралық әуежайдан ұшуға келісімі бар екені туралы хабар бермегенін айтты.