Әлем • 07 Қыркүйек, 2021

Гаитидегі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2248-ге жетті

491 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 тамызда Гаитиде болған жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 2248-ге жетті. Бұл туралы республиканың азаматтық қорғау департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Гаитидегі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2248-ге жетті

© ASSOCIATED PRESS/Matias Delacroix

Бұған дейін 2 207 адам қайтыс болғаны туралы хабарланған. Министрліктің мәліметінше, 12 763 адам жарақат алған. 329 адам хабарсыз кеткен. Облыста 53 мыңнан астам ғимарат толығымен, 83 мыңнан астамы жартылай қираған.

14 тамызда таңертең Гаити аймағында магнитудасы 7,2 болатын жер сілкінісі орын алды. Жер сілкінісінің ошағы шамамен 125 мың адам тұратын Ле-Ке коммунасынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан, фокус 10 км тереңдікте болды. Гранд Ансе және Нипп департаменттері қатты зардап шекті. Үкімет бір айға төтенше жағдай енгізді.