Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин парламент спикерлерінің бесінші Дүниежүзілік конференциясында сөйлеген сөзінде Қазақстан басшылығының ауқымды реформалары, сондай-ақ оларды уақытылы заңнамалық қолдау біздің елімізге тұрақты дамудың халықаралық қағидаттарына сәйкес дамуға мүмкіндік беретінін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған парламенттік делегация Австрия астанасы Венада өтіп жатқан парламент спикерлерінің бесінші Дүниежүзілік конференциясына қатысуда.
Мәжіліс Спикері көпжақты ынтымақтастықты нығайту, бейбітшілік пен тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін парламенттік қызмет тақырыбына арналған интерактивті жалпы пікірталастарда сөз сөйледі.
Сонымен қатар Нұрлан Нығматулин бүгінгі таңда Қазақстанда болып жатқан және еліміздің тұрақты дамудың халықаралық қағидаттарына сәйкес дамуына мүмкіндік беретін процестер туралы айтып берді.
«Тиімді мемлекет пен әділ қоғам құрудың тұжырымдамалық негіздерін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қалаған болатын. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси бағыттың сабақтастығын қамтамасыз етеді», деді Мәжіліс Төрағасы.
Нұрлан Нығматулин қазақстандық қоғам өмірінің барлық салаларына қатысты ауқымды жүйелі реформалар туралы айта кетіп, азаматтық қатысуды кеңейтуге және қоғамдық бақылауды күшейтуге, сондай-ақ Мемлекет басшысының бастамаларын заңнамалық қолдауға назар аударды.
«Парламент реформаларды дер кезінде заңнамалық сүйемелдеуді қамтамасыз ете отырып, бұл үдеріске белсенді қатысуда. Сайлау заңнамасы мен сот жүйесін жетілдіретін маңызды заңдардың тұтас пакеті қабылданды. Өзгерістер саяси партиялар, бейбіт жиналыстар, жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңнамалық актілерге де қатысты болды», деді Мәжіліс спикері.
Өз сөзінде Нұрлан Нығматулин Қазақстанның жаһандық және өңірлік деңгейлерде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесіне ерекше назар аударды.
«Жаңа қауіп-қатерлер аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне есеп беретін биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құруды ұсынды. Бұл жаңа мамандандырылған құрылым биологиялық қауіптердің алдын алуға тікелей қатысты болуы мүмкін. Біз әріптестеріміздің осы маңызды бастаманы белсенді қолдайтынына сенеміз», деп атап өтті Нұрлан Нығматуллин.
Халықаралық күн тәртібіндегі Ауғанстандағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қалпына келтіру сияқты өзекті мәселе туралы айта келіп, Нұрлан Нығматулин бүгінгі таңда ең маңыздысы – Ауғанстандағы гуманитарлық және азық-түлік дағдарысына жол бермеу екенін атап өтті. Ол, сондай-ақ қазіргі уақытта Қазақстан Президентінің шешімі бойынша Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі БҰҰ миссиясы біздің елімізде уақытша орналастырылғанын еске салды.
Бесінші Дүниежүзілік парламент спикерлерінің конференциясы коронавирустық пандемия басталғаннан бері тікелей эфирде өткізіліп келе жатқан алғашқы ауқымды парламентшілер форумы болды. Венадағы конференцияны Парламентаралық одақ, БҰҰ-мен өзара іс-қимыл кезінде Австрия Парламенті ұйымдастырды. Әлемнің 90-нан астам елінің парламент спикерлерінің назарында - пандемиямен күресу және Сovid-19-дан кейін қалпына келтіру жөніндегі жаһандық шараларды қоса алғанда, шұғыл халықаралық парламенттік іс-қимылды талап ететін басымдықтар, климаттың өзгеруі және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерін шешу, дезинформацияға қарсы іс-қимыл, жастардың саясатқа қатысуы, гендерлік теңдік бар. Қазақстандық парламентшілер делегациясының құрамында Сенат пен Мәжіліс депутаттары бар.
Үлестік құрылыс проблемалары қалай шешіледі?
Экономика • Бүгін, 00:57
Үкімет • Бүгін, 00:49
БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды
Экономика • Бүгін, 00:34
Болашағымызға бейқам қарамайық
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік қойылым ЖИТС құрбандарына арналды
Аймақтар • Кеше
Қазақ сыныбы неге қағажу көре береді?
Білім • Кеше
Үш буынды модель: Тергеу сапасы мен жеделдігі артады
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Ағатай, жан қалтаңда құртың бар ма?»
Өнер • Кеше
Әдебиет • Кеше
Түрленген театрдың көрермені көбейді
Театр • Кеше
Иса ақынның сүйіншіге берген домбырасы
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Театр • Кеше
Өнер • Кеше
Үш өңірде қуаңшылық болады - Қазгидромет
Ауа райы • Кеше
Елорданың тағы бір көшесінде автобус жолағы пайда болады
Елорда • Кеше
Ереймен жеріндегі ежелгі нысандар
Руханият • Кеше
Журналистерге жүлде жауған күн
Қазақстан • Кеше
Бірнеше өңірде 44-45 градус ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай кең көлемді іс-шара ұйымдастырылады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Air Astana компаниясын IPO-ға шығару кейінге қалдырылды
Қазақстан • Кеше
Кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады
Қазақстан • Кеше
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Кеше
Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды
Қоғам • Кеше
ҚазМұнайГаз акциялары AIX және KASE алаңында IPO-ға шығады
Қазақстан • Кеше
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Павлодар облысында қант зауыты іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Кеше
Алматы тұрғындарының саны өсті
Қоғам • Кеше
Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
ШҚО-да «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыка фестивалі өтеді
Аймақтар • Кеше
Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар