ТАСС агенттігінің жазуынша, 70-ке жуық адам Ауғанстан астанасындағы Пәкістан елшілігінің алдына жиналып, пәкістандықтарға қарсы плакат көтеріп, ұрандатқан. Олар пәкістандықтардың ауған ісіне араласуын айыптаған. Тәліптер шерушілерді тарату үшін аспанға бірнеше рет оқ атқан.
Tolo News хабарлағандай, наразы топ қолында «Пәкістан, Пәкістан, Ауғанстаннан кет» деген жазу болған.