
Балқаш қалалық сотында жергілікті криминалдық полицияның бастығы мен оның үш қызметкеріне қатысты үкім шығарылды. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы 3-бөлігі «Жәбiрленушiнiң денсаулығына ауыр зиян келтiруге немесе абайсызда оның өліміне әкеп соққан азаптау» бойынша айып тағылған.