Чили Республикасының Үкіметі қытайлық Sinovac шығарған коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны 6 жастан асқан балаларға қолдануға рұқсат берді. Шешімді үш жастан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер тобын вакцинациялау қорытындысын зерттеген сарапшылар комиссиясы қабылдады.
Сарапшылар жүргізілген зерттеулер вакцинадан иммундық реакцияның жақсы нәтиже бергенін атап өтті.