Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2021

Жылжымайтын мүлікті жедел тәртіпте тіркеуге болады

636 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Әділет министрі 2021 жылғы 31 тамыздағы бұйрығымен «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету Ережесіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жылжымайтын мүлікті жедел тәртіпте тіркеуге болады

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне қатысты бірқатар өзгертулер енгізілді.

«Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өтініш келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күнін құрайды, ал нотариалды куәландырылмаған мәміле бойынша мемлекеттік тіркелген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушіге өтініш келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі», делінген құжатта.

Электрондық тіркеу құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін ақы төленгені немесе ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

«Бұл ретте электрондық тіркеу құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төленгені немесе ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түскен кезден бастап екі сағат ішінде жеделдетілген тәртіппен жүргізіледі», деп жазылған толықтыруда.

Ауыртпалықтардың, сондай-ақ заңдық талаптардың тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Бұйрық 2021 жылғы 17 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.