Технология • 08 Қыркүйек, 2021

Әлем елдері биткоинді мойындай бастады

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сальвадор биткоин криптовалютасын ресми төлем құралы деп таныған әлемдегі бірінші ел болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем елдері биткоинді мойындай бастады

Сальвадор биткоинді заңдастырған бірінші ел ретінде тарихта қалды. 

Тиісті заң жобасын Конгресске маусым айында Президент Найиб Букеле ұсынған.

Криптовалютаны ресми қолдану туралы заң сейсенбіде күшіне енеді. Криптовалютаны АҚШ долларымен бірге төлеуге болады.

Ел азаматтары криптовалюта арқылы барлық тауарлар мен қызметтерді, сондай -ақ салықтарды төлей алады. 

Президент Twitter-де ел сейсенбіде тағы 200 биткоин сатып алғанын атап өтті. Сонымен Сальвадордағы биткоин саны 400-ге жетті. Бұл шамамен 21 миллион долларға тең.