2021 жылы 2 қыркүйекте Талас аудандық ішкі істер бөлімшесінің кезекші бөліміне белгісіз ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Мәйітте оқ жарақаты болған.
«Марқұм өз атына тіркелген аңшы мылтығынан өзіне оқ атқаны анықталған. Қабылданған шаралар барысында қайтыс болған адамның жеке басы анықталды және туыстары оны таныған, ол елді мекеннің тұрғыны болып шықты. Өз-өзіне қол жұмсаудың себебі мен істің барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу органдары ҚР ҚК-нің 105-бабы, 1-бөлігі бойынша соталды тергеуді бастады, яғни өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу», деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.