Қауесет ақпараттың таралуына байланысты «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары мәлімдеме жасады.
Олжас Ордабаев бұл хабарлама жалған екенін айтты.
«Бүгінгі таңда Ashyq-қа қол жеткізу әр түрлі мобильді қосымшалар арқылы қамтамасыз етілген, соның ішінде Kaspi.kz және Homebank те бар. Бірақ банктер де, мәртебесін тексеруге мүмкіндік беретін басқа қосымшалар да жобаға қатысушы кәсіпкерлер туралы ешқандай ақпарат алмайды», деді ол Facebook-тегі парақшасында.
Оның айтуынша, қосымшаны пайдалану бойынша шектеулер бас санитарлық дәрігердің 2021 жылғы 29 шілдедегі «Кәсіпкерлік нысандарында Ashyq жобасын енгізу туралы» қаулысында көзделген жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін.