Ауа райы • 09 Қыркүйек, 2021

9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

331 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазгидромет 9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды шығысында нөсер жаңбыр жауады. Тек батыс өңірде ауқымды антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел күшейеді. Солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында тұман, шығысында және еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда – бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында найзағай жарқылдап, бұршақ түсуі ықтимал.

Желдің жылдамдығы1 5-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі, түнде шығысында, күндіз солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай, түнде және таңертең шығысында тұман түседі, күндіз облыстың солтүстік-батысында жел тұрады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі, желдың жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Күндіз Жамбыл облысының шығысында, оңтүстік-шығысында және тау бөктері аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі, найзағай жарқылдаған кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай жарқылдайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз Түркістан облысының батысында және таулы аудандарында, Қызылорда облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының орталығында, түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Түнде Ақмола, Павлодар облыстарының солтүстігінде, солтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстігінде және шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде, Қарағанды, Ақмола облыстарының батысында, Павлодар облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында өрт қаупі сақталады.