Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа Жолдауында берген тапсырмасы бойынша Қазақстанда «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнесті қолдау 2022 жылға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының жобаларын қаржыландырудың жалпы сомасы 1 трлн теңге. Бұл ретте агроөнеркәсіптік кешендегі (бұдан әрі - АӨК) өңдеуге 300 млрд теңге, АӨК-тегі өндіруге 300 млрд теңге, өңдеу өнеркәсібі мен көрсетілетін қызметтерге 400 млрд теңге көзделеді.
Айта кету керек, қаржыландыруды ҚР Ұлттық Банкі өз қаражаты және басқаруындағы қаражат есебінен ұсынады. Бағдарламаның операторлары – екінші деңгейдегі банктер және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ.
Бұдан басқа, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы да өз жұмысын жалғастырады.
Еске салсақ, «Қарапайым заттар экономикасы» 2019 жылдан бастап жүзеге асырылуда және ол кредит бойынша проценттік мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялауды және кредиттерге кепілдік беруді қарастырады. Соңғы қарыз алушы үшін мөлшерлеме 6%-ке дейін төмендетілді. Кредиттеу мерзімі 10 жылдан аспайды. Кредит сомасына шектеу жоқ.
«БЖК-2025» бағдарламасымен 2020 жылдан бастап салалық шектеусіз жылдық 6% мөлшерлемемен 5 жыл мерзімге кредит сомасы 7 млрд теңгеге дейін жеңілдетілген кредит беріледі. «БЖК-2025»-ті қолдаудың негізгі қаржы құралдарына проценттік мөлшерлемені субсидиялау және кәсіпкерлердің кредиттеріне кепілдік беру, мемлекеттік гранттар беру, сондай-ақ бизнес жобаларына жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жеткізу кіреді. Кәсіпкерлерді қаржысыз қолдаумен бизнесті жүргізуді оқыту және болашақ және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеу бойынша жобалар кешені көзделген.
«БЖК-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын іске асырудың барлық кезеңінде шағын және орта кәсіпорын субъектілері 106 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құрған. 36 трлн теңге сомасына өнімдер мен қызметтер шығарылып, жалпы сомасы 2,3 трлн теңгеге бюджетке салық төленді.
Ресей мен Украина делегациялары Түркияда кездеседі
Әлем • Бүгін, 12:23
Науқастардың 98 пайыздан астамы сауығып шықты – Ажар Ғиният
Коронавирус • Бүгін, 12:15
Жаңа штамм: Қазақстанда қайта карантин енгізіле ме?
Коронавирус • Бүгін, 12:07
Қазақстандық кикбоксерлер әлем кубогында топ жарды
Елорда • Бүгін, 12:00
Қосымша кәсіпкерлікпен айналысқан 23 мектеп директоры айыппұл төледі
Қоғам • Бүгін, 11:52
Өзбекстанда елшілік жанынан арнайы дауыс беру учаскесі ашылады
Әлем • Бүгін, 11:48
«Tiji» және «Nickelodeon» қазақша сөйлейді
Өнер • Бүгін, 11:40
Жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемді қалай алуға болады
Қоғам • Бүгін, 11:38
«Алматы жастары» бағдарламасына құжат қабылдау басталды
Аймақтар • Бүгін, 11:28
ШҚО-да елікті атқан браконьер сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:20
Брюссельде Орталық Азия-Еуроодақ қауіпсіздік диалогының отырысы өттІ
Қазақстан • Бүгін, 11:13
Терек мамығымен ойнаған балалар үйді өртеп жіберді
Оқиға • Бүгін, 11:06
BATYR BEINESI коллекциялық монеталары айналымға шығады
Қазақстан • Бүгін, 11:00
Түркістанда «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклі қойылады
Өнер • Бүгін, 10:48
Педагогтерді бағалауда жетістікке жеткен оқушылардың нәтижесі назарға алынады
Білім • Бүгін, 10:40
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Швейцариядан жеңіліп қалды
Хоккей • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 6 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:30
Алматы облысының 1500-ге жуық тұрғынын кене шаққан
Аймақтар • Бүгін, 10:28
Медициналық пойыздар шалғай аймақтарға жолға шығады
Медицина • Бүгін, 10:17
Қазақстанда вакцина алғандар саны 9,4 миллионнан асты
Коронавирус • Бүгін, 10:08
Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі артты
Қоғам • Бүгін, 09:59
18 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:47
Ішкі істер министрлігінде кадрлық өзгерістер болды
Тағайындау • Бүгін, 09:39
Оқиға • Бүгін, 09:27
Қазақстандық боксшы қыздардың жартылай финалдағы қарсыластары анықталды
Бокс • Бүгін, 09:12
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:07
Экология • Бүгін, 07:42
Аймақтар • Бүгін, 07:40
Спорт • Бүгін, 07:38
Теннис • Бүгін, 07:36
Жарысты 29 жүлдемен қорытындылады
Спорт • Бүгін, 07:34
Орнын толтыратын олқылықтар бар
Қоғам • Бүгін, 07:32
Қазақ үшін ауылдың орны ерекше
Ауыл • Бүгін, 07:30
Ұйымшылдық – іргелі істер бастауы
Қоғам • Бүгін, 07:28
«Министр кубогы» сарапқа салынады
Спорт • Бүгін, 07:26
«Ролан Гаррос-2022»: Франция кортында кімдер өнер көрсетеді?
Теннис • Бүгін, 07:24
Футбол • Бүгін, 07:22
Әдебиет • Бүгін, 07:20
Егемен Қазақстан • Бүгін, 07:18
Руханият • Бүгін, 07:18
Ұқсас жаңалықтар