Қоғам • 09 Қыркүйек, 2021

Шылым шегетін әйелдерге қатысты статистика не дейді?

912 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шылым шегу көрсеткіші бойынша Қазақстан әлемдегі 127 елдің ішінде 41-орында тұр екен. Елде әрбір 10 әйелдің бірі және әрбір 10 ер адамның төртеуі шылым шегеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шылым шегетін әйелдерге қатысты статистика не дейді?

Қазақстанда шылым шегетін ер адамдардың қатары көп екен. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан 31-орында тұр. Ал, шылымқор әйелдердің көрсеткіші бойынша 61-орында. Бұл дегеніміз Қазақстандағы әйелдердің 9,3%-ы шылым шегеді дегенді білдіреді.

2021 жылы қаңтар-шілде аралығында Қазақстанда 8,7 млрд сигар, сигарет, папирос және темекі алмастырғыш өзге де бұйымдар шығарылған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3,3% аз. Ақшалай мәнде елімізде темекі өнімдерінің өндірісі 125,3 млрд теңгені құрады.

Сондай-ақ 2021 жылдың тамызында елдегі темекі бағасының жылдық динамикасы 15,9%-ға өсті.

Айта кетейік, ДДСҰ мәліметі бойынша, жылына шылым шегу салдарынан әлемде 8 миллионнан астам адам көз жұмады екен. Бұл тізімде өзі шылым шекпесе де, жанындағы адамның темекісі түтіненен уланғандар да бар.