Технология • 09 Қыркүйек, 2021

ЭЦҚ алу әлі де жеңілдейді

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ басқарма төрағасы Әділ Қожықов «AntikorLive» жобасында айтты, деп жазады Egemen.kz.

ЭЦҚ алу әлі де жеңілдейді

«Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «НИТ» АҚ бірлесіп ЭЦҚ алуды жеңілдету бойынша жұмыс істеп жатыр. Алдағы бір айда бұл жұмыс аяқталады деп ойлаймын. Бұл – техникалық тұрғыдан алғанда өте ауқымды жұмыс. Қазіргі ЭЦҚ алу жүйесі қолданылмайды. Оны алу айтарлықтай жеңілдейді. ЭЦҚ-ны қайта алу қажеті жоғалады», деді Әділ Қожықов.

Ол тұрғындарды өздерінің жеке мәліметтерін дәнекер тұлғаларға тапсырмауды сұрады.

«Кадрлық жүйе бойынша да жұмысты жетілдіріп жатырмыз. Бізде қызмет еткісі келетін барлық қызметкер Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктен тестілеуден өтеді. Біз квазимемлекеттік сектор өкілі болсақ та, мемлекеттің айнасы мен фронт-кеңсесі болып есептелеміз. Бізге жүгінген тұрғындар мемлекеттің өкілі ретінде қарастырады», деді ол.