Қазақстан • 09 Қыркүйек, 2021

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қағазбастылық азаяды

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов айтты, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қағазбастылық азаяды

Спикердің айтуынша, бүгінде елімізде мемлекеттік басқару саласын толықтай цифрландыру қарқынды жүріп жатыр.

«Қызмет алуда сұралатын құжаттар мен анықтамалардың санын барынша қысқартумен айналысып жатырмыз. Мемлекет басшысы айтқандай, «Адамдар емес, құжаттар жүгіруі тиіс». Яғни адамдар белгілі бір құжат немесе анықтама алуы үшін есіктен есікке жүгірмей, біріктірілген ақпараттық база арқылы бір жерден алуы тиіс. Осылайша қағазбастылық азая түседі», дейді Қожықов.