Әлем • 09 Қыркүйек, 2021

12 жасқа дейінгі балалар ПТР-тестсіз Түркияға кіре алады

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12 жасқа дейінгі балалар Түркия шекарасынан өту кезінде коронавирус жұқтырмағанын растайтын ПТР-тест ұсыну қажеттілігінен босатылады. Жаңа талап ІАТА Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының сайтында жарияланды, деп жазады Egemen.kz.

12 жасқа дейінгі балалар ПТР-тестсіз Түркияға кіре алады

Бұған дейін тек 6 жасқа дейінгі балалар ПТР-тестсіз ел аумағына кіре алатын.

«4 қыркүйектен бастап бұл талаптар жаңартылып, 12 жасқа дейінгі балалар да коронавирус жұқтырмағанын растайтын ПТР-тест тапсыру міндетінен босатылды», деп жазылған Түркия азаматтық авиация басқармасының хабарламасында.

Бұл ереже 30 қыркүйекке дейін қолданыста болады.

Вакцина салғызған жолаушылар мен түрік жеріне келгенге дейін алты айдан кешіктірмей берілген коронавирустан жазылып шыққаны туралы анықтамасы бар жолаушылар үшін де ПТР-тест бұрынғыдай міндетті емес болып қала береді.

Вакцина салғызған жолаушылардан басқалары Түркияға келген уақытта іріктеу арқылы тест тапсыруға міндеттелуі мүмкін.