Білім • 09 Қыркүйек, 2021

Оқушылар қандай жағдайда қашықтан оқи алады?

537 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова оқушылардың қай уақытта қашықтан оқитынын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Оқушылар қандай жағдайда қашықтан оқи алады?

«Біріншіден, білім мекемелері Білім және ғылым министрлігінің тиісті әдістемелік ұстанымдарын оқу жылының басына дейін алды. Бүгінгі күні бірнеше жағдай бойынша қашықтан оқыту ұйымдастырылады. Біріншіден, оқушы ауырып қалса немесе ауырған адамдармен байланыста болса, онда бала қашықтан білім алады», деді ол.

Мысалы, сыныпта бір бала ауырып қалса, онда сынып 14 күнге карантинге жіберіледі. Бұл жағдайда мектеп сыныптың оқу процесін қашықтан ұйымдастырады. Сондай-ақ мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс синхронды және асинхронды форматта жүргізіледі.

«Мұғалімдер тиісті білім платформасын пайдаланып, нақты уақытта оқуды ұйымдастыра алады. Одан бөлек, кей сабақтарды асинхронды форматта түсіндіре алады. Егер ата-аналар баласының үй жағдайында оқытылсын деп өтініш жазса, онда балаға мектеп тарапынан оқулық үлестіріледі, оқу бағдарламалары беріледі және тиісті білім платформасымен қамтамасыз етіліп, электрон журнал арқылы мұғаліммен кері байланыс жасауына жағдай жасалады», деп айтты вице-министр Каринова БҒМ LIVE жобасында.

Десе де, вице-министрдің айтуынша, оқушының басым көпшілігі оқу процесінің штаттық режимде жалғасқанын қалайды.