«Атырау жылу желілері» АҚ таратқан ақпаратқа қарағанда, бұл жоспарлы күрделі жөндеу жүргізуге байланысты болып отыр.
«Күрделі жөндеу жүргізудің жоспарлы кестесіне сәйкес, 13-20 қыркүйек аралығында қаланың барлық жылу пунктінен ыстық су беру уақытша тоқтатылады. Магистральдық жылу желілерінің орталық тораптарын жөндеу және алдын алу кезінде толық тоқтату жүргізіліледі.
Осыған орай «Атырау жылу желілері» АҚ қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұрайды», делінген кәсіпорын таратқан ақпаратта.