Экономика • 09 Қыркүйек, 2021

Қазақстан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына төрағалық етеді

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан келесі жылға дейін Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына төрағалық етеді. Бұл туралы ұйымның 4-ші Бас Ассамблеясында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына төрағалық етеді

Фото: iofs.org.kz

«Қазіргі кезеңде Қазақстан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының төрағасы болады, сондықтан мен біздің өңір - Орталық Азияны назардан тыс қалдыра алмаймын. Әр түрлі тарихи аспектілерге байланысты, бұл аймақ ислам әлемінің экономикалық қызметіне аз қатысады. Бұл ретте аймақтың әлеуеті орасан зор. Егер біз, мысалы, Қазақстан Республикасы туралы айтатын болсақ, онда ол аумағы бойынша ең үлкен мұсылман мемлекеті, Қазақстанда 200 миллион гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлері бар, бұл әлемдік ресурстардың 4%-н құрайды, 180 миллион гектардан астам жайылымдық ресурс бар. Қазақстан ИЫҰ-ның белсенді және жауапты мүшесі, экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен экспорттаушылардың бірі бола отырып, ИЫҰ кеңістігінде азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешуге өз үлесін қосуға дайын», деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.