Ауа райы • 10 Қыркүйек, 2021

Жұма күніне арналған ауа райы болжамы

184 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазгидромет 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жұма күніне арналған ауа райы болжамы

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты еліміздің орталығында, солтүстіктігінде, шығыста, оңтүстіктің таулы аудандарында, күндіз найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, таңертең және күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында және тау бөктерінде нөсер жаңбыр, бұршақ жаууы ықтимал.

Тек Қазақстанның оңтүстігі мен батысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республиканың басым бөлігінде жел 15-20 м/с, солтүстігінде, солтүстік-батысында жел 23-28 м/с күшейеді. Еліміздің оңтүстік-батысында, шығысында жекелеген аудандарда тұман түсуі мүмкін.

Түнде солтүстік-батыста, батыста, күндіз Ақмола облысының басым бөлігінде найзағай жарқылдайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, ал облыстың солтүстігі мен оңтүстік-шығысында екпіні 25 м/с жетеді.

Қостанай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 23-28 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, түнде батысында, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде екпіні 25 м/с.

Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай жарқылдап, басым бөлігінде жел 15-20, батысында екпіні 25 м/с болады. Жамбыл облысының шығысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, таңертең және күндіз таулы, тау бөктеріндегі аудандарда найзағай, бұршақ жаууы ықтимал, найзағай жарқылдаған кезде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай күтіледі, батыста, солтүстікте, орталығында жел тұрып, жыылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының солтүстігінде, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с аралығында болады.

Шығыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстік-шығысында түнде 2 градус үсік жүреді, Қарағанды облысының солтүстігінде 2 градус үсік сақталады. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысы мен оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өрт қаупі сақталады.