12 қыркүйекте Литвада футзалдан әлем чемпионатының жалауы желбірейді. 3 қазанға дейін созылатын дүбірлі додада әр құрлықта ұйымдастырылған іріктеу турнирлерінен іркілмей өткен 24 команда бақ сынайды. Солардың қатарында Қазақстан құрамасы да бар. Жерлестеріміз алаң иелері, Венесуэла және Коста-Рикамен бірге А тобында өнер көрсетеді.

Жерлестерімізге өз тобынан іркілмей шығу айтарлықтай қиындық туғызбайды деген ойдамыз. Өйткені Қазақстан құрамасының өзге командаларға қарағанда халықаралық аренада қол жеткізген табысы әлдеқайда қомақты. Бәлкім, Литва мен Коста-Рика біраз тіресуі мүмкін. Балтық жағалауы өкілдері бұған дейін пәлендей белестерді бағындырмағанымен, жарыс қожайындары ретінде өз көрермендерінің көз алдында жандарын салып айқасатыны анық. Коста-Рика – өз құрлығындағы беделі бар командалардың бірі. Олар 2000 жылы КОНКАКАФ біріншілігінің жеңімпазы атанса, 2004 жылы қола медальды иеленді. Әлем чемпионатында төрт рет өнер көрсетіп, 2016 жылы 1/8 финалға дейін жетті. Ал Венесуэла құрамасында ондай табыстың бірде-бірі жоқ.
Қазақстан үшін бұл – үшінші әлем чемпионаты. Алғашында біз Азия құрлығындағы іріктеу сынынан сүрінбей өтіп, 2000 жылы Гватемалада өткен әлемдік додаға қатыстық. Бұл сапар біздер үшін сәтсіз аяқталды. Тұсаукесер кездесуде Бразилия тас-талқанымызды шығарды – 1:12. Одан кейін алаң иелеріне есе жібердік – 5:6. Соңғы ойында Португалиядан ойсырай ұтылдық – 2:6. Десек те бұл нәтижеге бола қазақстандық жанкүйерлер қатты күйіне қойған жоқ. Себебі ол кездері елімізде футзал енді-енді ғана еңсе тіктеп келе жатқан. Ғасырлар тоғысында жасақталған команда сапында кілең өз өрендеріміз ойнады. Сондықтан да аса маңызды жарысқа жолдама алудың өзі үлкен жетістік саналды.
Қазақстан құрамасы екінші рет 2016 жылы Колумбияда шымылдығы түрілген жарысқа қатысты. Ол кезде УЕФА-ға өткенбіз. Алғашқы айналымда Аргентинаға тап келдік. Америка кубогында 10 рет (2 алтын+5 күміс+3 қола) жеңіс тұғырына көтерілген командамен тең дәрежеде ойнадық. Алайда 20-минутта Аламиро Вапораки соққан жалғыз гол бәсеке тағдырын шешті – 0:1. Бір айта кетерлігі, сол жылы аргентиналықтар әлем чемпионы атанды. Келесі айналымда Коста-Рикамен күш сынастық. Бұл жолы айтулы жарыс тарихындағы алғашқы жеңісімізге қол жеткіздік. Дуглас, Тако және Лео соққан үш допқа қарсыластар командасы бір ғана голмен жауап бере алды – 3:1. Одан кейін Соломон аралдарын сан соқтырдық. Бұл бәсеке 10:0 есебімен аяқталды.
Жерлестерімізге плей-офф кезеңінің алғашқы айналымында Испания құрамасымен күш сынасуға тура келді. Екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін вице-чемпион және бір мәрте қола жүлдегер деген дардай атағы бар азулы қарсыласқа біздің жігіттердің әлі жетпеді. Көрермендер көңілінен шыққан тартысты ойын 5:2 есебімен испаниялықтардың пайдасына шешілді. Жерлестеріміздің арасынан Шыңғыс Есенаманов пен Дәурен Нұрғожин нысананы дәл көздеді.
Міне, енді әлемдік доп додасына Қазақстанның футзалшылары үшінші мәрте қатысқалы отыр. Ұлттық командамыздың бас бапкері Рикардо Кака Балтық жағалауындағы жарыста мына шәкірттеріне сенім артып отыр: Қақпашылар – Игита («Қайрат») мен Рауан Атантаев («Атырау»). Қапталдағы ойыншылар – Тайнан («Эль-Посо», Испания), Дуглас, Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Альберт Акбаликов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов («Қайрат»), Азат Валиуллин («Ухта», Ресей), Арнольд Кнауб, Нұрбек Қарағұлов («Ақтөбе»), Болат Сарбасов, Жомарт Тоқаев («Атырау»), Төрехан Досов («Бәйтерек») және Ақеділ Мадияров («Липецк», Ресей).
Сондай-ақ топтық турнирлерде мына командалар өзара күш сынасады: В тобы – Өзбекстан, Гватемала, Ресей және Мысыр. С тобы – Таиланд, Португалия, Марокко және Соломон аралдары. D тобы – Панама, Чехия, Вьетнам және Бразилия. Е тобы – Ангола, Жапония, Парагвай және Испания. F тобы – Аргентина, АҚШ, Сербия және Иран. Литвадағы доп додасы Вильнюстегі «Сименс Арена» (10 мың көрерменге есептелген) мен Каунастағы «Жальгирис Аренада» (13 807) және Клайпедадағы «Швитуре Аренада»
(6 200) өтеді.
Жарыстың басты фавориттері ретінде Бразилия, Испания және Аргентина құрамалары саналады. Бұл болжам негізсіз емес. Егер өткенге зер салсақ, футзалдан әлем чемпионаты небәрі сегіз мәрте ғана ұйымдастырылғанын байқаймыз. Осы жарыстарда бразилиялықтар бес рет (1989, 1992, 1996, 2008, 2012 жылдары) бас жүлдені олжаласа, испаниялықтар екі рет (2000, 2004 жылдары) дара шықты. Тағы бір алтын медаль (2016 жылы) аргентиналықтарға бұйырды. Олардың басты қарсыластары ретінде Италия мен Ресей аталуда. Өз тарихында Апеннин түбегінің түлектері үш рет (2004 жылы – күміс, 2008 және 2012 жылдары – қола) жүлдегерлер қатарынан көрінсе, көршілеріміз айтулы додада екі мәрте (1996 жылы – қола, 2006 жылы қола) үшінші орыннан көрінді. Сондай-ақ соңғы бәсекеде қола медальды қоржынға салған Испания футзалшыларының да әлеуеті жоғары бағалануда. Ал біз, әрине, Қазақстан құрамасына үлкен үмітпен қараймыз.
«Алматы жастары» бағдарламасына құжат қабылдау басталды
Аймақтар • Бүгін, 11:28
ШҚО-да елікті атқан браконьер сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:20
Брюссельде Орталық Азия-Еуроодақ қауіпсіздік диалогының отырысы өттІ
Қазақстан • Бүгін, 11:13
Терек мамығымен ойнаған балалар үйді өртеп жіберді
Оқиға • Бүгін, 11:06
BATYR BEINESI коллекциялық монеталары айналымға шығады
Қазақстан • Бүгін, 11:00
Түркістанда «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклі қойылады
Өнер • Бүгін, 10:48
Педагогтерді бағалауда жетістікке жеткен оқушылардың нәтижесі назарға алынады
Білім • Бүгін, 10:40
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Швейцариядан жеңіліп қалды
Хоккей • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 6 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:30
Алматы облысының 1500-ге жуық тұрғынын кене шаққан
Аймақтар • Бүгін, 10:28
Медициналық пойыздар шалғай аймақтарға жолға шығады
Медицина • Бүгін, 10:17
Қазақстанда вакцина алғандар саны 9,4 миллионнан асты
Коронавирус • Бүгін, 10:08
Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі артты
Қоғам • Бүгін, 09:59
18 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:47
Ішкі істер министрлігінде кадрлық өзгерістер болды
Тағайындау • Бүгін, 09:39
Оқиға • Бүгін, 09:27
Қазақстандық боксшы қыздардың жартылай финалдағы қарсыластары анықталды
Бокс • Бүгін, 09:12
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:07
«Tiji» және «Nickelodeon» қазақша сөйлейді
Өнер • Бүгін, 09:00
Экология • Бүгін, 07:42
Аймақтар • Бүгін, 07:40
Спорт • Бүгін, 07:38
Теннис • Бүгін, 07:36
Жарысты 29 жүлдемен қорытындылады
Спорт • Бүгін, 07:34
Орнын толтыратын олқылықтар бар
Қоғам • Бүгін, 07:32
Қазақ үшін ауылдың орны ерекше
Ауыл • Бүгін, 07:30
Ұйымшылдық – іргелі істер бастауы
Қоғам • Бүгін, 07:28
«Министр кубогы» сарапқа салынады
Спорт • Бүгін, 07:26
«Ролан Гаррос-2022»: Франция кортында кімдер өнер көрсетеді?
Теннис • Бүгін, 07:24
Футбол • Бүгін, 07:22
Әдебиет • Бүгін, 07:20
Егемен Қазақстан • Бүгін, 07:18
Руханият • Бүгін, 07:18
«Алматы жастары» өтініштер қабылдайды
Аймақтар • Бүгін, 07:16
Референдум-2022 • Бүгін, 07:14
Референдум өткізуге дайындық талқыланды
Референдум-2022 • Бүгін, 07:12
Әділетті мемлекет құрудың бастамасы
Референдум-2022 • Бүгін, 07:10
Референдум-2022 • Бүгін, 07:08
Кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 07:04
Жастардың әрбір ұсынысы ескеріледі
Референдум-2022 • Бүгін, 07:02
Ұқсас жаңалықтар