Әлем • 10 Қыркүйек, 2021

Қырғызстан Ауғанстандағы елшісін қызметінен босатты

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қырғызстан Президентінің сайтында хабарланды, деп жазады Egemen.kz.

Қырғызстан Ауғанстандағы елшісін қызметінен босатты

«Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Жарлығына сәйкес Ниязов Мирослав Джумабекович Қырғыз Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды»,  деп жазылған хабарламада. 

Президент әкімшілігіндегілердің айтуынша, М. Ниязов елші қызметінен өз еркімен кетті. Ол 2019 жылдың наурызында Қырғызстанның Ауғанстандағы елшісі болып тағайындалған. 

Сондай-ақ М. Ниязов Қырғызстанның Тәжікстандағы елшісі және Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып қызмет атқарған. 

Akipress-ке берген сұхбатында ол елге оралуымен қатар денсаулығына байланысты да қызметінен кетуге шешім қабылдағанын айтқан.