Спорт • 12 Қыркүйек, 2021

Аманғали Бекболатов грек-рим күресінен Ресейдегі жарыста топ жарды

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Новосибирск қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен Александр Нестеренко мемориалында қазақстандық Аманғали Бекболатов жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аманғали Бекболатов грек-рим күресінен Ресейдегі жарыста топ жарды

Аманғали финалдық кездесуде Ресей чемпионы Довуджан Тошевпен кездесіп, жеңіске жетті. Бұл қазақстандық балуанның ұзақ үзілістен кейін жеңіп алған медалі екенін айта кеткен жөн.

Еске сала кетейік, қазақстандық балуандар Александр Медведь турнирінде көзге түсіп, үш медаль иеленді.