Қоғам • 13 Қыркүйек, 2021

Жол апаттарында 90 баладан айырылдық...

515 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елімізде әрбір төртінші жол-көлік оқиғасы кәмелетке толмаған жеткіншектердің қатысуымен болып жатыр. Өкінішке қарай, жыл басынан бері республика жолдарында тіркелген жол-көлік оқиғалары салдарынан 90 бала қайтыс болып, 1800-ден астам жеткіншек түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

Жол апаттарында 90 баладан айырылдық...

­Жолдағы балалар қауіп­сіз­ді­гі – жаңа оқу жылы бастала салысымен өзекті бола түсетін ма­ңызды мәселенің бірі. Биыл онлайн жүйеден дәстүрлі фор­мат­қа көшкен оқу маусымы қар­саңында ел көлемінде «Абай­­лаңыз, балалар!» жедел-ал­дын алу іс-шарасы жүргізілді. ІІМ-нің мұрындық болуымен қолға алынған ауқымды операцияның таяуда бірінші ке­зе­ңі қ­орытындыланды. Іс-шара ке­зінде балалардың қауіп­сіз­­­­дігін қамтамасыз ету аясында ауқым­ды жұмыстар ат­қа­рыл­ды. Соның ішінде, жолға жақын орналасқан білім беру ошақтарына 4 мыңнан астам тексеру жүргізілген. Мәсе­лен, осындай тексеру іс-ша­ралары кезінде еліміздегі ең ірі мегаполис – Алматы қаласындағы 120 мектептің айналасында жасанды жол кедер­гі­лерінің жоқ екені анықталған. ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұра­тәлиев мәлімдеуінше, тексеру жұмыстары кезінде анықталған кемшіліктерді жою үшін уә­кі­летті мекемелерге 2 мыңға жуық нұсқама берілген. «Білім беру мекемелерінің жа­нындағы 2 мыңға жуық жол белгісі жаңартылып, мыңға жуық жаяу жүргіншілер өткелі қайта жаб­дық­­талды. Сонымен қатар 20 мың метр жаяу жүргіншілер жолдары салынып, 26 мың метр жол жарық­тандырылды», дейді комитет өкілі.

Балалардың қатысуымен болатын жол-көлік апаты өткен жыл­мен салыстырғанда 33 па­йызға ұлғай­ға­нын мәлімдеген ІІМ өк­ілі қаралы санның ұлға­юы­на пан­де­мия­ның да теріс ықпалы тигенін жасырмады.

«Пандемия кезінде оқушы­лар­дың көпшілігі қашық­тан оқу фор­матына көшірілгені белгілі. Осын­дай оқшаулау уақы­тында жет­кіншектер мен жасөспірімдер арасында тү­сін­діру жұмыстарын жүр­гізу азайып кетті», деді бұл жа­йында Ж.Мұратәлиев. Жет­кін­шектер жарақат алатын жол апат­тарының басты себеп­те­рі­нің тағы бірі – жаяу жүр­гін­шілер жүретін жерден, жол қиылыстарынан өткен кезде қарапайым ережені сақ­та­мау. Қоғамдық көлікті тоқта­тамын деп, жолға жүгіріп шығатын жасөс­пі­рім­дер де апатқа жиі ұшырайды.

«Өкінішке қарай, ата-ана­лар­дың көбі балаларды тасымалдау ережелеріне жүр­дім-бардым қа­­рай­ды. Әлі де көліктеріне бала­ларға ар­налған ар­найы креслоларды орна­туды артық шығын санайтындар бар. Ал шындап келгенде, мұндай қауіпсіздік құрылғылары – автокресло, бустер, адаптерлерді қолданудың тиімділігі жоғары. Мәселен, 60 ша­қырым жылдамдықпен келе жат­қан автокөлік апатқа ұшыраған жағ­дай­да оның ішінде ешбір қа­уіп­сіз­дік құ­рыл­ғысыз отырған баланың жарақаттануы 30 пайызға арта тү­се­ді. Қатты соққының салдарынан өмір бойына мүгедек болып қал­ған жеткіншектер де аз емес. Сол себепті ата-аналарға балаларыңыз үшін қауіпсіздік мәселесіне нем­құ­райды қарамаңыз деп ескерт­кі­міз келеді», деген полиция қызметкері балалардың жол­да­ғы қауіпсіздігін қам­та­ма­сыз ету мәселесі қашанда өзекті болып қала беретінін айтты.

Жыл сайын өткізілетін «Абай­лаңыз, балалар!» респуб­ли­калық іс-шарасы биыл екі: 23-31 тамыз аралығында дайын­дық және 1-10 қыр­күйек ара­лығында негізгі кезең­де өткізілді. Бірінші кезеңде мектеп, балабақша, оқу орта­лық­тары маңындағы жаяу жүр­гіншілер өткелдері мен көшелердің сапасы, жол жүрі­сін ұйымдастыратын техни­калық құралдардың жеткі­лік­тілігі тексерілген. Тексеру жұ­мыс­­тары нәтижесінде 18 мыңнан астам жол жүру қағи­да­сын бұзу дерегі анықталып отыр. Оның ішін­де ең көбі – 12 мыңы жолды бел­­гіленбеген тұстан қиып өтуге қа­­тыс­ты болса, 2 мыңға жуық хатта­ма жаяу жүргіншілер жолағынан өту ере­же­сін өрескел бұзғандардың үсті­нен толтырылған.