2020 жылы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысы барысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев оқушылар арасында оқу сауаттылығын арттыру және балаларға арналған оқу мәдениетін насихаттау қажеттігін атап өтті. Осы тұрғыда қазіргі қоғамда табысты және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыратын, балаларды қоршаған ортаны тану әлеміне жетелейтін мектептер мен кітапханалардың ерекше рөлі атап өтілді. Бұл ретте ауылдық жерлердегі мектептердің кітапхана қорларының қолжетімділігі мен сапасы қалалық және республикалық мектептерден айтарлықтай ерекшеленеді.
Осыған байланысты, оқу мәдениетін ілгерілету арқылы, атап айтқанда, шалғай елді мекендерде өскелең ұрпақтың азаматтық және рухани-адамгершілік бағдарын қалыптастыру және дамыту мақсатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстандағы Отбасы күніне арналған «Ауылыма кітап» республикалық қайырымдылық акциясын өткізеді. Осы акция аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 450-ден астам кітап тапсырды.
ҚР ИИДМ «Ауылыма кітап» республикалық қайырымдылық акциясы аясында 450-ден астам кітап тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жастар» Сарайының жарты ғасырлық мерейтойы тойланды
Елорда • Кеше
«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі «Дарын» сыйлығын иеленді
Мәдениет • Кеше
Алматы • Кеше
Президент Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше