Ташкентте Халықаралық Түркі академиясы Әлішер Науаидің туғанына 580 жыл толуына орай академияда жарық көрген ұлы ақынның кітаптарымен таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Хамса» кітабын өзбек тілінен қазақ тіліне белгілі қазақ ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденімен марапатталған Несіпбек Айтұлы аударған. Кітапқа Ә.Науаидің «Ләйлі – Мәжнүн» және «Ескендір қабырғасы» атты екі поэмасы енген. «Науаи Әлішер. Мұхәкәмәтұл-луғәтән» кітабын қазақ тіліне шығыстанушы ғалым Төрәлі Қыдыр аударған. Әлішер Науаидің бұл туындысы түркологияда ерекше орын алады. Ақын түркі және парсы тілдерінің табиғатын терең зерттеп, өз шығармаларында нақты мысалдар арқылы түркі тілінің байлығы мен поэтикалық күшін айқын көрсетті.
Кітапқа Әлішер Науаидің әзірбайжан, башқұрт, қазақ, қарақалпақ, қырым-татар, қырғыз, саха, татар, түрікмен, өзбек және ұйғыр тілдеріндегі таңдамалы шығармалары енгізілген. Кітапты өзбек ғалымы Мұхаммед Әли құрастырған.
«Ұлы Түркі ақындары мен ойшылдары туралы сөз қозғағанда бірден Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, әл-Фараби, Низами, Абай бейнелері пайда болады. Әрине, түркі әлемінің көрнекті тұлғалары арасында Әлішер Науаи құрметті орын алады, оның шығармаларында халық даналығына еніп, қазіргі ұрпаққа үлгі болып табылатын үлкен мазмұн бар», деді Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі құттықтау сөзінде.
Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Дархан Сатыбалды мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінетін өзбек-қазақ достық қатынастарының, тату көршілік пен стратегиялық әріптестіктің қазіргі жоғары деңгейін атап өтті.
«Бүгінгі іс-шара әдебиет пен өнер саласындағы бауырластық пен ынтымақтастықтың кезекті дәлелі болып табылады. Ұлы ақынның кемеңгер туындылары елдеріміз арасындағы әдеби байланыстардың алтын көпіріне айналатыны сөзсіз», деп атап өтті қазақстандық дипломат.
Іс-шара аясында бауырлас елдер арасындағы ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін Түркі академиясының күміс медалімен «Әлішер Науаи. Бақо гули» кітабының авторы Мұхаммед Әли, сондай-ақ Абайдың «Қара сөздерін» өзбек тіліне аударған Козокбой Йулдашев пен Ибодулла Мирзаев марапатталды.
Аймақтар • Кеше
Мақсат – сапалы білімге қол жеткізу
Саясат • Кеше
Жаңа Зеландия: Ардерннің беделі түсіп барады
Әлем • Кеше
Израиль мен Палестина мәмілеге келді
Әлем • Кеше
Микрокредит тұзағына түспес үшін...
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Мал бағуды неге жеңілдетпеске?
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Технология • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Облыс орталығында мыңдаған ағаш қурап қалды
Аймақтар • Кеше
Елордаға Түркістан театры келеді
Театр • Кеше
Облыс орталығында жарықсыз отыр
Аймақтар • Кеше
Ар ұстанымы, имандылық және серт
Абай • Кеше
Қоғам • Кеше
Кәсіпкерді өлтірген күдіктілер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Қаржы пирамидасы: Алданғандар азаяр емес
Қоғам • Кеше
Неплюев училищесінде оқыған қазақтар
Тарих • Кеше
Дүниесі түгенделмеген дүр-мәдениет
Өнер • Кеше
Әл-Фараби және қазақ аспаптары
Өнер • Кеше
Қазақстан Түркиямен барлау әскери ақпаратымен алмасатын болады
Қазақстан • Кеше
Ақтау әкіміне сөгіс жарияланды
Аймақтар • Кеше
Бішкекте қазақ кинолары көрсетілді
Кино • Кеше
Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Мемлекет басшысы Әлихан Смайыловты қабылдады
Президент • Кеше
Қостанайда жоғалған қызды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр
Аймақтар • Кеше
Интернет арқылы есірткі сатқан павлодарлық сотталды
Оқиға • Кеше
Алматыда екі көше жартылай жабылады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар