Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2021

Ресей Қазақстанға әуе рейстерінің санын көбейтеді

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 қыркүйектен бастап Ресей Қазақстанмен әуе рейстерінің санын көбейтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресей Қазақстанға әуе рейстерінің санын көбейтеді

Бұл шешім туралы Ресейде коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі жедел штаб хабарлады.

Келесі бағыттар бойынша тұрақты рейстердің саны артты:

  • Мәскеу-Нұр-Сұлтан аптасына 3-тен 7 рейске дейін;
  • Мәскеу-Алматы, аптасына 2-ден 7 рейске дейін,
  • Мәскеу-Қарағанды, Мәскеу-Шымкент, Мәскеу-Ақтау, Мәскеу-Қостанай, Санкт-Петербург-Нұр-Сұлтан, Махачкала-Ақтау, Грозный-Ақтау, Калининград-Алматы, Калининград-Нұр-Сұлтан, Новосибирск-Нұр-Сұлтан, Омбы-Нұр-Сұлтан, Омбы-Павлодар, Омбы-Петропавл маршруттары аптасына 1 рейс жиілігімен.